АҚШ Президенті Дональд Трамп халықаралық ұйымдардан шегіну саясатын қайта бастады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон UNESCO құрамынан шығатынын еуропалық дипломаттар растаған. Бұл шешім алдағы шілде айында жүзеге аспақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
UNESCO – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. АҚШ оған алғаш 1945 жылы қосылған. 1984 жылы Рейган әкімшілігі саяси және қаржылық келіспеушілікке байланысты ұйымнан шығып, 2003 жылы қайта мүше болған. Трамп 2017 жылы да ұйымнан шығуға шешім қабылдаған, алайда 2023 жылы Байден әкімшілігі елді қайта қосқан болатын.
Дипломаттардың мәліметінше, Трамп әкімшілігі бұл жолы да ұйымның ұстанымдарын сынап, АҚШ үлесін қысқартуға шешім қабылдаған. Қазір АҚШ UNESCO бюджетінің шамамен 8%-ын құрайды. Шығу туралы ресми мәлімдеме жақын күндері жариялануы мүмкін.