2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер жалпы құны 465 150 теңге болатын 96 жалған ақша белгісін тәркілеген. Оның ішінде 93 банкнота және 3 монета бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Анықталған жалған ақшалардың басым бөлігі — 5 000 теңгелік купюралар. Бұл номиналдан 85 дана тәркіленіп, жалпы жалған банкноталардың 88,5%-ын құрады.
Сонымен қатар 2 000 теңгелік банкноталардан – 5 дана (5,2%), 10 000 теңгелік банкноталардан – 3 дана (3,1%) және 3 жалған монета (3,2%) тіркелген.