homepage

Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді

Juzmedia. kz
06.11.2024, 14:25

АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп бүгін Флоридадағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде сайлауда жеңіске жеткенін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ТРАМП ҚАНДАЙ УӘДЕ БЕРДІ

Республикалық партия атынан президенттікке үміткер Дональд Трамптың сөйлеген сөзін Fox Business арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Саясаткер өзінің президенттік бәсекедегі нәтижесін «АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған саяси жеңіс» деп атады. Сонымен қатар ол өзінің ел басқаратын мерзімі АҚШ тарихындағы «шынайы алтын дәуір» болатынына уәде берді.

«Америка халқына алғыс айтқым келеді. Қырық жетінші және қырық бесінші президент болып таңдалу мен үшін зор мәртебе», - деді Трамп.

ТРАМПТЫ КІМДЕР ҚҰТТЫҚТАДЫ

Саясаткер өз сөзінде осы сайлауда 315-тен астам дауысын жеңіп алатынына сенім білдірді және өзін АҚШ-тың 47-ші президенті деп атады. Оның жеке болжамы бойынша, республикашылдар Өкілдер палатасына бақылауды сақтап, сенатта көпшілік орынға ие болады.

Айта кетейік, Сальвадор президенті Найиб Букеле мен саяси қайраткер кіші Роберт Кеннеди Трампты жеңіске жетуімен құттықтап үлгерді. Сонлай-ақ кеше америкалық миллиардер Илон Маск Трампты қолдап дауыс берген болатын. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.