homepage
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ресей билігі WhatsApp мессенджерін нарықтан шеттетуі мүмкін

18.07.2025, 16:19

Ресейде WhatsApp мессенджерін нарықтан шектеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Мемдуманың ақпараттық саясат комитеті төрағасының бірінші орынбасары Антон Горелкин мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Meta компаниясына тиесілі WhatsApp Ресей үкіметі әзірлеп жатқан "достықсыз елдерден келген" бағдарламалар тізіміне енуі мүмкін. Мұндай жағдайда мессенджерге шектеу қойылады. Горелкин WhatsApp-ты Ресей нарығынан кетуге дайындалуға шақырды.

Депутаттың мәліметінше, бүгінде ресейліктердің 68 пайызы күнделікті WhatsApp қолданады. Telegram — екінші орында (55%). Бірақ ол Telegram тыйым салынған тізімге енбейді деп болжайды, егер ол Ресей заңнамасына бағынуға дайын екенін көрсетсе.

Горелкин WhatsApp-тың орнын ресейлік ұлттық мессенджер — MAX басуы мүмкін екенін айтты. VK компаниясы әзірлеген бұл қосымша 2025 жылы іске қосылған. Ол арқылы хат-хабар алмасуға, видеоқоңырау шалуға, ақша аударуға, "Госуслуги" қызметімен байланысуға және мини-қосымшаларды пайдалануға болады. Қыркүйектен бастап Ресейдегі құрылғыларға міндетті түрде орнатылады.