homepage
Фото: juzmedia.kz

2026 жылдан бастап есеп беру мен салық көлемі азаяды

18.07.2025, 15:45

Жаңа Салық кодексі бойынша салықтың көлемі 20%-ға, есеп беру жүктемесі 30%-ға қысқарады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Экономика министрлігінің хабарлауынша, төмендегідей өзгерістер енгізіледі:

– Салық органдары тексеруді алдын ала ескерту арқылы жүргізеді.
– Қарыз аз болса, кәсіпкердің шоты бұғатталмайды.
– Қарызды бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру рәсімі жеңілдетіледі.
– Қосылған құн салығы 16% болады.
– Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке ҚҚС 2026 жылдан – 5%, 2027 жылдан – 10%.
– Міндетті тіркеу шегі – 10 мың АЕК (40 млн теңге).
– ТМККК, МӘМС, археология және кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады.
– Жеке табысы жоғары азаматтар үшін 15% салық енгізіледі.
– Мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдік 5 000 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
– Фермерлерге бұрынғыдай 70% жеңілдік сақталады.
– Құны 75 млн теңгеден асатын көлік, 100 млн теңгеден асатын ұшақ, яхта, қымбат ішімдіктер мен сигараларға 10% сән-салтанат салығы салынады.
– Жалпы мүлкі 450 млн теңгеден асатын тұлғаларға мүлік салығы өседі.

Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.