Ақтөбе облысында Ресейден Қазақстанға вейп пен темекі өнімдерін заңсыз әкелмек болған екі ресейлік азамат ұсталды. Оларға сот үкімі шығып, әрқайсысы 6 айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, «Жайсан-автомобиль» шекара бекетінде екі жүк көлігі тоқтатылып, 13 мың вейп, 2 мың дана сұйықтық және 14 мың шылымсыз темекі өнімдері тәркіленген. Тыйым салынған өнімдердің жалпы құны – 26 миллион теңге.
Контрабанда тасымалдаған көлік құралдары мемлекет пайдасына тәркіленді. Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.