homepage
Фото: reuters.com

ЕО Ресейге қарсы 18-ші санкциялық пакетті бекітті

18.07.2025, 14:07

Еуропалық одақ Ресейге қарсы 18-ші санкциялық пакетті бекітті. Бұл жолғы шаралар мұнай, энергетика және қаржы саласына бағытталған, сондай-ақ «Солтүстік ағын» газ құбырымен байланысты операцияларға тыйым салынады деп хабарлайды Juzmedia.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа пакетте «Үлкен жетілік» бекіткен шекті баға төмендетіліп, ресейлік мұнайға барреліне 47,6 доллар деңгейінде жаңа шектеу енгізіледі. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, бұл санкциялар Ресейдің әскери машинасына соққы беруді көздейді.

ЕО сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кая Каллас бұл шараны Ресейге қарсы қабылданған ең қатаң пакеттердің бірі деп атады. Оның сөзінше, ЕО қысымды арттыру арқылы Мәскеуді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеуді көздеп отыр.