homepage
Фото: gov.kz

Павлодар облысында «скорость» есірткісін сақтаған тұрғын ұсталды

18.07.2025, 12:20

Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны синтетикалық «скорость» есірткісін сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.

Облыстық прокуратура мен ҰҚК қызметкерлері жүргізген операция кезінде күдікті азамат қолға түскен. Қазіргі таңда сот санкциясымен қамауға алынды.

Тексеру кезінде 50 доза дайын есірткі табылған. Тергеу нұсқасы бойынша, есірткі онлайн дүкен арқылы аудан аумағында таратылған. Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.