homepage
Фото: dknews.kz

Алматы облысында 2 млн доллар шетелге заңсыз шығарылғаны анықталды

18.07.2025, 10:45

Прокуратура шетелдік компаниямен келісім жасаған қазақстандық кәсіпорынның 2 миллион АҚШ долларын шетелге тауарсыз аударғанын анықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

"Т" ЖШС жалпы сомасы 6 миллион долларға сыртқы экономикалық шарт жасап, резидент еместің шотына толық қаражат аударған. Алайда іс жүзінде елге тек 3,7 миллион долларға ғана тауар жеткізіледі. Қалған сома шарттық міндеттемелерді бүркемелеу арқылы елден шығарылған.

Компания валютаны қайтаруға еш әрекет жасалмайды, ал салық органдары репатриация талабын бұзуға қатысты шара қолданбаған. Нәтижесінде облыстық прокуратура Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 251-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғап, Қонаев қалалық соты кәсіпорынға 239 миллион теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.