homepage
Фото: aikyn.kz

Темекі контрабандасы 3 жылда 4,5 есе өсті

18.07.2025, 10:15

2024 жылы Қазақстанда 16 миллионнан астам контрабандалық темекі өнімі тәркіленіп, бұл көрсеткіш 3 жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,5 есе артқан. Бұл дерек мемлекеттік аудит қорытындысында жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.

Аудиторлар темекі өнімдерін таңбалау жүйесі 5 жыл бұрын енгізілсе де, заңсыз өнімдердің тасымалы тоқтамай отырғанын атап өтті. 

2024 жылы арнайы мобильді қосымшаға контрабандалық темекіге қатысты 246 шағым түскен. Бірақ олардың ешқайсысы бойынша нақты жұмыс жүргізілмеген. Аудит қорытындысында мемлекеттік кірістер органдары таңбалау деректерін тиімді қолданбайтыны сынға алынған.