Қазақстанға Түркиядан киім-кешек таситын алты компания 145 миллион доллардың тауарын әкеліп, оған жалған сертификаттар қолданған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Аудит барысында бұл компаниялардың ЕАЭО елдерінде берілген 150 сертификатты пайдаланғаны анықталған. Алайда олардың 104-і ресми тізілімдерде тіркелмеген. Жоғары аудиторлық палата бұл әрекет жалған тауар айналымының бар екенін көрсетіп, халық денсаулығына қауіп төндіреді деп санайды.
Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіру кезінде техникалық регламенттер талаптары сақталмайтыны айтылды. Бұл бақылаудың әлсіздігін және сапасыз өнімдердің заңды түрде нарыққа еніп жатқанын көрсетеді. Жоғары аудиторлық палата бұл жағдай бойынша ұсыныстар әзірлегенін және мәселе бақылауда болатынын мәлімдеді.