homepage
polisia.kz

Өскеменде екі полицей өзенге ағып кете жаздаған ана мен баланы құтқарды

18.07.2025, 09:34

Үлбі өзенінде ағысқа қарсы тұра алмаған әйел мен оның кішкентай қызы су ортасына қарай жылжи бастаған. Оларды полиция қызметкерлері аман алып қалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға орнына бірінші жеткен Сұңғат Сейілжанов бірден суға секіріп, ана мен баланы ұстап қалуға тырысқан. Артынша оған әріптесі Мадияр Мұхаметжанов қосылып, екеуі әйел мен баланы жағалауға алып шығуға әрекеттенген. Алайда қатты ағыс олардың өз бетімен судан шығуына мүмкіндік бермеген.

Полицейлер зардап шеккендермен бірге су ортасында қалып, құтқарушылардың қайықпен келуін күткен. Қызметтік әрекетті кәсіби әрі жанқиярлықпен атқарған тәртіп сақшыларының арқасында ана мен бала аман қалды.

Қазір олардың өміріне еш қауіп жоқ.