Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.