homepage
Фото: polisia.kz

Атырауда есірткі өсіруге арналған фитозертхана әшкереленді

17.07.2025, 12:40

Атырау полицейлері қарасора өсіруге арналған арнайы фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет мамандары бірлескен жедел-іздестіру шарасы барысында 52 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Оның сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Күдіктінің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденеді.