homepage
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Ұлыбритания Қазақстанмен байланысты нығайтуға кірісті

17.07.2025, 12:15

Ұлыбритания Парламентінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа арналған жаңа топ құрылды. Бұл топтың құрамында әртүрлі партия өкілдері бар, ал төрайымы — лейбористік партия депутаты Пэм Кокс, деп хабарлайды Juzmedia.

Жаңадан құрылған топтың мақсаты – Орталық Азиямен, соның ішінде Қазақстанмен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту. Кездесу барысында парламентшілер білім, энергетика, көлік дәліздері мен климат мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екенін айтты.

Ұлыбритания Қазақстанды өңірдегі басты серіктес ретінде қарастырады. Өткен жылы екі ел арасында стратегиялық әріптестік туралы маңызды келісімге қол қойылған. Парламенттік топтың құрылуы екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге шығарады деп күтіліп отыр.