Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Қазақстанды фристайл бойынша әлемдегі үздік төрт мемлекеттің бірі деп таныды, деп хабарлайды Juzmedia.
FIS-тің фристайл бойынша рейс директоры Андреа Ринальди бұл пікірін Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесу барысында айтты. Тараптар шаңғы спорт түрлерін, оның ішінде фристайлды халықаралық деңгейде дамыту жайын және Қазақстанда өтетін ірі турнирлерді талқылады. Ринальди биыл қаңтарда Алматыда алғаш рет өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Ол сондай-ақ Дінмұхамед Райымқұлов пен Анастасия Городконың өнеріне жоғары баға беріп, мұндай жетістіктерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жүйелі қолдау мен халықаралық ынтымақтастықтың ықпалы зор екенін айтты.
Кездесу соңында тараптар фристайлды дамыту бағытында әріптестікті жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.