2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 955 адам қаза тапты. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жол апаттарының жалпы саны – 15 698. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға көп. Оқиғалардан 22 346 адам зардап шеккен, оның 5552-сі — балалар.
Қаза тапқан балалар саны да артқан. Былтырғы 126 балаға қарағанда, биыл 135 бала жол апатынан көз жұмған. Балалар арасындағы жарақат алғандар 74 пайызға көбейіп, 3185-тен 5552-ге жетті.
Апаттардың көбі республикалық трассаларда болған. Қаза тапқандардың ең көбі Түркістан (27 адам), Алматы (17 адам), Жамбыл мен Жетісу облыстарында (әрқайсысында 9 адам) тіркелді.
Бас прокуратура жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.