Абай облысындағы үш мектептің 194 қызметкерінің ЖСН-і мен анкеталық деректері мемлекеттік сатып алулар порталында ашық жарияланып кеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында мектептер медициналық тексеруге байланысты қызметкерлердің жеке тізімдерін жариялап жібергені анықталған. Онда шектеулі қолжетімді деректер – ЖСН, аты-жөні және өзге де жеке ақпараттар болған.
Осы заңбұзушылық үшін мектеп директорларына 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, тәртіптік жаза қолданылған. Аудандық білім бөлімі мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін шара қабылдауға уәде берді.