Өскемендегі түзеу мекемесінің кіреберісінде қызметтік иттің көмегімен жүк көлігінен телефондар, SIM-карталар және өзге де тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде болған. «ГАЗель» көлігіне тексеріс жүргізу кезінде әскери қызметшілер Ерлан Қанат, Береке Дөнебай, Ерболат Тойлыбай және Ерназ Әскербеков тыйым салынған заттарды анықтады.
Бояу құтыларының арасына мұқият жасырылған 8 ұялы телефон, 4 қуаттағыш, 2 SIM-карта мен 3 жұп құлаққап табылған. Қауіпсіздік талаптарына сай бұл дерек дереу тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Қазір бұл факт бойынша тексеріс жүріп жатыр.