homepage
Фото: apnews.com

Франция Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр

15.07.2025, 19:26

Франция билігі 2025–2030 жылдарға арналған қорғаныстық стратегиясын жариялап, Ресейден төнетін қауіпке ерекше назар аударды. Құжатта Еуропа, соның ішінде Франция қарқынды соғыс қаупі артып келе жатқан «жаңа дәуірге» қадам басты деп көрсетілген деп хабарлайды Juzmedia.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жоспар 14 шілде – Бастилия күнінде таныстырылды. Стратегияда Ресей Франция мен оның одақтастарына тікелей қауіп төндіретіні, соған байланысты ел қорғанысын күшейту қажеттігі айтылған. Осыған орай, алдағы екі жылда қорғаныс саласына қосымша 6,5 миллиард еуро бөлініп, 2027 жылы жылдық әскери бюджет 64 миллиард еуроға дейін өседі.

Президент Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, 1945 жылдан бері еркіндік дәл мұндай қатерге тап болған емес. Ядролық қауіп пен ірі қақтығыстардың көбеюі Францияны әскери қуатын екі есе арттыруға мәжбүр етті.