homepage
Фото: egemen.kz

Мүгедектердің атынан автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

15.07.2025, 17:00

Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына жалған автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, қаскүнемдер азаматтарды көндіріп, екінші деңгейлі банктерде жоқ көліктерге несие рәсімдеген. Алынған қаржы жеке мақсатқа жұмсалып, 65 адам кредиттік қарызға қалған. Келтірілген залал 250 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта күдіктілер Қылмыстық кодекстің алаяқтық және қылмыстық топ құру баптарымен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу аяқталды.