2025 жылы Қазақстанда 15 жастан асқан халықтың 17,5 пайызы темекі шегеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға аз, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, темекі тартатындардың үлесі ауылда – 19,1%, қалада – 16,7%. Шегушілердің 93,8 пайызы – өнеркәсіптік темекі өнімдерін пайдаланады. Ерлер арасында темекі шегетіндер – 34%, әйелдер арасында – 5%.
Жас топтары бойынша ең көп шылым шегетіндер – 39-48 жас аралығында (22,7%) және 29-38 жастағылар (19,3%). Ал 15-17 жаста темекі тұтыну үлесі 2024 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 3,6 пайызға жеткен.
Сауалнама 2025 жылғы қаңтарда жүргізілген. Оған еліміздің барлық өңірінен 12 мың үй шаруашылығынан бір-бір адам қатысқан. Зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесіне сай жасалды.