2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елдегі автокөлік паркі 6,46 млн бірліктен асты, оның тек 7%-ы ғана үш жасқа дейінгі көліктер болып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Статистика бюросының дерегінше, тағы 25,8% көліктің жасы 3 жылдан 10 жылға дейін. Ал қалған 67% – яғни 4,3 млн-нан астам автокөлік шыққанына 10 жылдан асқан. Яғни Қазақстандағы автопарктің 93%-ы – ескі көліктер.
Маусым айында жаңадан 159,2 мың көлік есепке қойылған. Оның 143 мыңы жеңіл автомобиль, 9,8 мыңы жүк көлігі, 1,3 мыңы автобус, ал 5,1 мыңы мотокөлік. Жалпы тіркелген көліктің 86,6%-ын жеңіл көліктер құрайды.