Қазақстанда шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 39 пайызға жетсе, оның ішінде орта бизнестің үлесі небәрі 7 пайызды ғана құрайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, Президент 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайызға жеткізуді тапсырған. Үкімет бұл міндетті орындау үшін «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» қоры арқылы түрлі қолдау шараларын жүзеге асырып жатыр.