homepage
Фото: soc52.ru

Терроризмді насихаттаған 60-тан астам адам түрмеге қамалды

15.07.2025, 12:15

Жыл басынан бері Қазақстанда террористік және экстремистік қылмыстар үшін 60-тан астам адам сотталып, олардың үшеуі шетел азаматы болған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биыл маусым-шілде айларында радикалды идеологияны жақтаған тұлғаларға қатысты бірнеше сот шешімі күшіне енген. Шымкент қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7,5 жылға сотталды. Тергеу барысында ол бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық жасауға үгіттегені анықталған.

Сондай-ақ Астанада шетел азаматы терроризмді насихаттап, экстремистік топтарға адамдар тартқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың екеуі де интернеттегі экстремистік контенттің ықпалымен радикалданған.