homepage
Фото: tenderplus.kz

Электрондық саудада кім озық: Kaspi, Ozon және тағы кім?

15.07.2025, 11:43

Қазақстанда электрондық сауда көлемі 2025 жылдың алғашқы жартысында 1,5 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің негізгі бөлігін Kaspi, Ozon және тағы төрт маркетплейс қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, еліміздегі онлайн сауданың едәуір үлесі дәл осы алты ірі алаң арқылы жүзеге асады. Бұл платформалар ішкі нарықтағы сауда үлесінің артуына ғана емес, логистика мен төлем жүйелерінің дамуына да ықпал етіп отыр.

Биылғы жартыжылдықта сауда саласына 168,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 33 жаңа жоба қолға алынып, 10-ы іске қосылған. Министрлік енді цифрлық сауда платформаларын заңнамалық реттеу мен қолдау тетіктерін жетілдіруді көздеп отыр.