Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев аудит нәтижесінде 310 млрд теңгеге қаржы дұрыс жұмсалмағанын, алайда соның тек 3,4 млрд теңгесі ғана бюджетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 279 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылықтар жойылғанымен, бұл ақша нақты түрде бюджетке түскен жоқ. Қайтарылған 3,4 млрд теңге — жалпы анықталған соманың 1 пайызынан сәл ғана асады.
Такиев бұл жұмыстың қаржылық тәртіпті күшейтуге бағытталғанын айтты. Алайда тексеріс қорытындысы мен нақты қайтарылған қаражат көлемінің арасындағы үлкен айырмашылықты түсіндірген жоқ.