homepage
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті

15.07.2025, 10:55

1 шілдедегі мәлімет бойынша, елдің мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 21,1%-ына тең болды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, қарыз көлемі жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайған. Бұл республикалық бюджет тапшылығын жабу және бұрын тартылған міндеттемелерді орындаумен байланысты. 

Сондай-ақ биыл маусымда Қаржы министрлігі $2,5 млрд сомасына евробонд орналастырып, 2015 жылғы сыртқы борышты қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды. Министрлік бұл шара қарыз көлемін ұлғайтпай, жаңа займдар үшін кірістілік бағдарын қалыптастырды деп түсіндіреді.