homepage
Фото: kpmg.com

Қазақстанда қаржы заңнамасында ауқымды реформа басталмақ

15.07.2025, 10:14

Биыл елде қаржы саласына қатысты заңнаманы қайта қарау көзделіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығы мен цифрлық қаржы активтерін реттеу бағытында ауқымды реформа топтамасы дайындалып жатыр. Жаңа заңнамада Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу, цифрлық теңгені мемлекеттік қаржыға кіріктіру, төлем нарығын дамыту сынды шаралар қамтылады.

Бұған қоса, Ұлттық банк инфляция тәуекелін төмендету үшін дезинфляциялық саясат жүргізетінін айтты. Жеке тұлғаларға берілетін несиелерге қатысты капитал буфері енгізілмек, ал банктерге қойылатын резервтік талаптар қатаңдатылуы мүмкін. Ұлттық қор мен зейнетақы қоры портфельдерінде жоғары кірісті активтердің үлесі арттырылмақ.