Президент өкімімен Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамында бірнеше кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Ал Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл қызметке дейінгі басшы Руслан Зарлықұлы Қоңыров аталған лауазымнан босатылды.