Қазақстан аумағында бүгін төтенше аптап ыстық пен дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Түркістан облысында ауа температурасы +46°C-қа дейін, Қызылордада +45°C-қа дейін, Атырау мен Маңғыстауда +44°C-қа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Жетісу облыстарында +42°C шамасында аптап ыстық сақталады.
Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел болуы мүмкін. Бұл қатерлер Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды.