homepage
Фото: fakty.com.ua

Табысы төмендер мен жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасын әкімдіктер төлейді

14.07.2025, 17:05

2026 жылдан бастап табысы өте төмен немесе ресми тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейтін болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл өзгеріс МӘМС жүйесін кеңейтуге бағытталған жаңа заң аясында енгізілді. Жоспар бойынша, әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейде (Д және Е санаттары) деп танылған 1 миллионға жуық азамат медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады. Олар үшін жарна азамат медициналық көмекке нақты жүгінген жағдайда ғана төленеді.

Сонымен қатар ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың МӘМС жарнасы да жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл шаралар азаматтардың тегін жоспарлы медициналық көмекке кедергісіз қол жеткізуіне мүмкіндік бермек.

Теги: