Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Juzmedia.
Талдау нәтижесінде оның «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік платформалары арқылы жалпы 16 миллион теңгеге жуық сомаға бәс тіккені анықталған. Бұл әрекеттері мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді жүйелі түрде бұзу болып танылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге интернет арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған маман мемлекеттік қызметтен босатылды.