homepage

Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкімет тағы Ұлттық қорға қол салмақ

Juzmedia. kz
11.09.2024, 14:35

БЮДЖЕТТІҢ ТҮБІ НЕГЕ КӨРІНДІ?

Мәжіліс кулуарында ол бюджетке түсетін түсімдерге импорттың төмендеуі әсер ететінін айтты. Оған қоса, Үкімет биыл қосылған құн салығы үшін 1 трлн теңге қайтарған. Министрлер кабинеті шығындарды салықтық әкімшілендіру арқылы өтеп, 900 миллиард қосымша кіріс кіреді деп күтіп отыр. 

ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

"Әрине, бізде Ұлттық қордың кепілге қойылған трансферттері бар, біз одан әзірге кетпейміз. Бірақ біз 2026-2027 жылдардан бастап Ұлттық қорды сақтау үшін мақсатты трансферттер бермейміз деп жоспарлап отырмыз. Біз осыған ұмтыламыз. Ия, оның бір бөлігін өңірлерді және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қосымша трансферттер түрінде (алып қоюды. - Автор.) жоспарлап отырмыз", - деді Байбазаров. 

ҚОЛҚАЛАП ОТЫРҒАН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ

Ұлттық экономика министрі жобаны Парламентте қарағаннан кейін белгілі болатынын айтып, трансферттер сомасын атай алмады. 
Бұған дейін Үкіметте 2025 жылы Ұлттық Қордан трансферттер түрінде 5,2 трлн теңгеден астам қаржы алу жоспарлары туралы айтылған болатын.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.