homepage
Фото: gov.kz

Қазақстанда онлайн сауда үлесі бес жылда 20 пайызға жетеді

13.07.2025, 16:46

Алдағы бес жылда Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынатын болады. Бұл болжамды Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Пәкістанда өткен халықаралық саммитте мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.

Қазақстан тарапы электронды сауданы экономиканы жаңғыртудың, экспортты арттырудың және өңірлік интеграцияны күшейтудің басты тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті. Электронды сауда көлемі соңғы бес жылда жеті есе өсіп, 3,2 триллион теңгеге жеткен. Бұл – бөлшек сауданың жалпы көлемінің 14,1 пайызы.

Министрлік дерегінше, елде 8 миллионнан астам белсенді онлайн пайдаланушы бар. Биылғы наурызда бекітілген электронды сауданы дамыту жоспары аясында заңнаманы жетілдіру, халыққа арналған оқыту бағдарламалары, кәсіпкерлерді қаржылай қолдау және логистиканы дамыту көзделген.