homepage
Фото: obk.kz

Антикордың ҰҚК құрамында қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

13.07.2025, 12:35

Антикордың Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өтуі жемқорлықпен күресті жекелеген істермен ғана шектемей, жүйелі және ауқымды сипатта жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы комитет төрағасы Ермек Сағымбаев Inform.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, аналитикалық, жедел және техникалық ресурстардың бір құрылымда шоғырлануы ірі көлемдегі, жүйелік сипаттағы заңбұзушылықтарды анықтап, тек салдарын емес, себептерін де жоюға жол ашады. Комитет бұл бағытта бірден жұмысқа кіріскен.

Сондай-ақ, Сағымбаев қазіргі уақытта осы өзгерістерге байланысты жаңа нормативтік-құқықтық база дайындалып жатқанын айтты. Қызметтің өкілеттіктерін бекіту үшін Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Оның айтуынша, бұл – күрделі әрі көп кезеңді процесс болғанымен, қызмет жұмысы бір күнге де тоқтамаған.