homepage
Фото: lnc.nc/DR

Францияның құрамында тағы бір мемлекет пайда болды

13.07.2025, 12:05

Жаңа Каледония Франция құрамында қала отырып, өз азаматтығы бар дербес аймақ мәртебесіне ие болды. 12 шілдеде Бугиваль қаласында француз үкіметі мен Каледониядағы түрлі саяси топтар тарихи келісімге қол қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Келісім бойынша, енді бұл өңірдің тұрғындары каледониялық азаматтық алады. Сайлау құқығы соңғы бес жылда тұрақты тұрған адамдарға ғана беріледі. Сонымен бірге Конгресстегі орындар 56-ға дейін көбейіп, жергілікті басқару жүйесіне көбірек өкілеттік беріледі.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл келісімді «жаңа саяси жолдың бастауы» деп атады. Келісімге сәйкес, 2026 жылы референдум өткізу жоспарланған.