homepage
inbusiness.kz

Букреев шыңында өзін жайсыз сезінген бала эвакуацияланды

13.07.2025, 11:47

Түнде 3010 метр биіктіктегі Букреев шыңына шыққан туристер тобының ішінде болған бала өзін жайсыз сезініп, шұғыл эвакуация қажет болған. Құтқарушылар оны тау етегіне дейін аман-есен жеткізді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы Бутаков шатқалы арқылы қиын маршрутпен жоғары көтеріліп, туристерді координаттар бойынша тапқан. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсіре бастаған.

Министрлік бұл операцияны таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылған шұғыл шара деп түсіндіреді.