Ақмола облысында тұрғындардан түскен шағымдардан кейін препараттарды үш айда бір емес, ай сайын беру туралы шешім қабылданды. Жаңа тәртіп 1 тамыздан бастап күшіне енеді деп хабарлайды Juzmedia.
Бұл туралы «СҚ-Фармация» төрағасы Нұрлыбек Асылбеков Көкшетаудағы «Viamedis» медициналық ұйымында айтты. Оның сөзінше, бұл өзгеріс науқастар ағынын тең бөлуді және кезектерді азайтуды көздейді. Шешім Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп қабылданған.
Сонымен қатар, препараттарды жеткізу кестесі де қайта қаралады. Бұған дейін кейбір дәрілер тоқсан соңында ғана келіп, уақытша тапшылыққа себеп болған. Енді барлық дәрілер ай сайын 15-іне дейін толық жеткізілуі тиіс. Ерекше жағдайда бұл мерзім 20-на дейін шегерілуі мүмкін.