homepage
Фото: gov.kz

ҰБТ кезінде 711 ереже бұзушылық тіркелген

12.07.2025, 18:30

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 711 талапкер ереже бұзған, деп хабарлайды Juzmedia.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кейбір түлектер тестілеуге тыйым салынған құрылғыларды — смартфон, смарт-сағат, микроқұлаққап және шпаргалка алып өтпек болған. Осы себеппен 326 адам тестілеуден мүлде өте алмаған. Тағы 380 талапкер тест кезінде аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Қосымша бейнежазбаларды тексеру кезінде 5 адамның нәтижесі күшін жойды.

Бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі. Министрлік мұны барлық талапкер үшін әділдік пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін қажет деп түсіндіреді.

Теги: