homepage
Фото: egemen.kz

Өткен қарызды төлемей-ақ МӘМС-те сақтандыру алуға болады

12.07.2025, 16:15

Сақтандыру мәртебесін алудың жаңа жолы пайда болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Енді МӘМС жүйесінде бұрынғыдай соңғы 12 ай үшін жарналардың бәрі төленген болуы міндетті емес. Егер ресми жұмыс істемей, жүйеде «сақтандырылмаған» болсаңыз, өткен қарызды жаппай-ақ, алдағы бір жылға сақтандыру мәртебесін ала аласыз.

Ол үшін келесі 12 айға әрқайсысына жеке-жеке 4 250 теңгеден жарна төлеу қажет. Барлығын бір жолғы сома ретінде аудару жарамайды — төлем айлар бойынша бөлініп жасалуы тиіс. Мысалы, шілде айында мәртебе қажет болса, дәл осы айдан бастап 12 айға алдын ала төлеу қажет.

Жарналарды банк қосымшалары, терминалдар, Kaspi немесе Қазпошта арқылы аударуға болады.