Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді бұзғаны үшін Оралда 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 16 қызметкер лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдік қызметкерлерінің кейбірі онлайн-букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны анықталған. Мысалы, әкімдік қызметкерлерінің бірі 2021 жылдан бері жеке шотына 34 миллион теңгеден астам қаражат салып, биылғы қыркүйекте күшіне енген жаңа заң талаптарына қарамастан, тағы 1,7 миллион теңге салған. Ол да жұмыстан босатылды.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұл әрекеттер 2024 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жариялаған тапсырма негізінде заңнамаға енгізілген өзгерістерге қайшы. Енді мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзу деп танылады.