homepage
Фото: juzmedia.kz

Ақтауда психотроптық заттарды Telegram арқылы жарнамалаған бес адам сотталды

12.07.2025, 15:13

Ақтау қалалық соты психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаған бес адамды 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сот мәліметінше, олардың екеуі әйел. Олар қала көшелеріне трафарет және парақша арқылы Telegram арналарға сілтеме жасап, есірткі құралдарын насихаттаған. Кезекті жазба қалдырып жатқанда ұсталған. Жеке тінту кезінде екі адамнан мефедрон тәркіленіп, олардың ісі қосымша сараланған.

Прокуратура тұрғындарды заңсыз жолмен пайда табудан бас тартуға және қылмыстық әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Үкім заңды күшіне енді.