homepage
Фото: Lider.kz

Алматы маңындағы тауда жоғалған 18 жастар жігіт қаза тапты

11.07.2025, 10:55

Алматы маңындағы тауға шығып, із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Нұрислам Ақылбек қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz Lider.kz еріктілер тобына сілтеме жасап.

Еріктілер тобы марқұмның табылғанын растап, туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

Ведомствоның хабарлауынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.