Алматы маңындағы тауға шығып, із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Нұрислам Ақылбек қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz Lider.kz еріктілер тобына сілтеме жасап.
Еріктілер тобы марқұмның табылғанын растап, туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.
Ведомствоның хабарлауынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.