homepage
Фото: caravan.kz/Индустриальная Караганда

Таразда ағайындылар дәріхана арқылы трамадолды заңсыз өткізген

11.07.2025, 10:15

Қалалық прокуратураның тапсырмасымен жүргізілген арнайы операция барысында Алматыдан Тараз бен Байзақ ауданына трамадол жеткізумен айналысқан топтың әрекеті әшкереленді. Күдіктілер – өзара туыстық байланысы бар екі адам деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тінту кезінде қаладағы дәріханалардың бірінен құрамында трамадол бар флакондар табылып, тәркіленді. Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен іс қозғалды. Екі күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар прокурорлық тексеріс кезінде қалалық ауруханалардың бірі трамадолды науқастардың қажеттілігіне қарамастан мүлде сатып алмағаны, ал емханалардың бірінде есірткілік препараттарды қолдануға қатысты тиісті есептің жүргізілмегені анықталды.

Осы дерек бойынша ҚК-тің 303-бабының 1-бөлігімен тергеу басталды. Прокуратура мұндай дәрілердің қара нарыққа кетпеуі үшін медициналық мекемелерді есеп пен бақылауды күшейтуге шақырды.