homepage
Фото: aif.by

“Дикий Арман” ісі бойынша тағы бір күдікті Дубайдан экстрадицияланды

11.07.2025, 10:40

А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікке ілінген адам үш жылға жуық халықаралық іздеуде болған. Ол “Дикий Арман” лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшесі ретінде айыпталып отыр.

Күдікті БАӘ аумағында ұсталып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Дубайдағы Елшілігінің қолдауымен елге жеткізілген. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.