2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде еңбек заңнамасының 3 608 рет бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде 92 кәсіпорынның 2 100-ден астам қызметкеріне 882 млн теңге көлемінде жалақы қарызы бар екенін тіркеген. Жалақы бойынша берешегі бар жұмыс берушілерге 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 755,4 млн теңге көлемінде еңбекақысы төленді.