homepage
kadry.mcfr.kz

Спорттық этика жаңартылды: спортшылар ұстануы тиіс негізгі қағидалар қандай?

10.07.2025, 19:44

Туризм және спорт министрлігі спортшыларға арналған мінез-құлық кодексін жаңартып, оны 2025 жылғы жаңа заң талаптарына бейімдеді. Құжаттың мазмұны өзгермегенімен, терминдер нақтыланып, құқықтық тілге сәйкестендірілді деп хабарлайды Juzmedia.

Министрлік түсіндірмесіне сәйкес, жаңа нұсқада төмендегі жаңалықтар бар:

«Ұлттық құрама» ұғымының орнына толық атау – «Қазақстан Республикасының спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасы» енгізілді;
«Спорт төрешісі» ұғымы алғаш рет нақты анықталып, оған қойылатын біліктілік талаптары жазылған;
«БАҚ» термині заманға сай жаңартылып, енді «масс-медиа» ретінде белгіленеді.

Сонымен бірге спорт этикасының негізгі қағидалары еш өзгеріссіз сақталған:

– адал ойын ұстанымын сақтау;
– қарсылас, төреші, көрермен мен журналистке құрмет көрсету;
– қоғамдық тәртіпке қарсы не қорлайтын әрекетке жол бермеу;
– спортшылар мен мамандардың жоғары моральдық үлгі көрсетуі.

Министрлік бұл кодексті «отандық спорттың ар-намыс ережесі» деп атап, ол спорт саласында жүрген кез келген азамат үшін моральдық бағдар болып қала беретінін мәлімдеді.