Алакөл маңындағы инфрақұрылым мен қызмет сапасына байланысты Үкімет тексеріс бастады. Вице-премьер Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге барып, жағдайды реттеумен айналысады. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту ұсынылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген жиында айтылды. Сондай-ақ онда Алматы облысындағы тау туризмін дамыту жобалары қаралып, инженерлік желілер мен жол салуға арналған инфрақұрылымдық кезең басталатыны мәлім болды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы халық шағымдарына байланысты Алакөлдегі дайындықтың нашар екенін атап, Үкіметке туристік бағыттарды ретке келтіріп, кінәлі шенеуніктерді жазалауды тапсырған